Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Описание
Биыл Алакөлде демалушылар саны 1 миллионға жетуі мүмкін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды.
Президент алдымен Үшаралға арнайы табан тіреп, былтыр ашылған әуежайдың жұмысымен танысты. Жақында Алакөл ауданы, Ақши ауылында жаңа теміржол вокзалы қолданысқа берілмек. Бұл Алакөлге келетін туристер санын арттыруға сеп болмақ. Жағалауды дамытуға байланысты тағы қандай жоспар бар.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атбасын тіреген алғашқы орын Үшарал қаласы. Алакөл ауданының орталығы. Елбасы Үшарал қаласындағы әуежайдың жұмысымен танысты. Былтыр Астана-Үшарал, Алматы-Үшарал және Талдықорған-Үшарал бағытында әуе рейстері іске қосылғаны белгілі. Алакөл - ағынсыз көл. Суы тұзды. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан. Алакөлдің суы тәнге шипа, жанға дауа. Жағалауды дамытудың бас жоспары дайын. Президентке облыс әкімі Амандық Баталов өңірдің дамуы жайлы баяндады. Жол салу, жүк тасымалы, туризм саласында атқарылып жатқан істерді Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек тізіп өтті. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан темір жолы компаниясының басшылығы да есеп берді. Биылдан бастап Алакөлдегі демалыс орындарына пойызбен қатынауға мүмкіндік бар. Ақши ауылында темір жол вокзалы іске қосылмақ. Жоба құны - 201 млн теңге. Президент демалып әрі ем алатындардың санын арттыру үшін бірқатар тапсырма берді.

